Tartyl fest: Бүгін Атырауда турникке тартылу фестивалі жалғасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін, 31 шілдеде Атырау қаласында республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі жалғасын табады. Фестиваль Президент жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл фестиваль бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу мақсатын көздейді. Атыраудағы фестиваль Сұлтан Бейбарыс алаңында өтеді. Жарысқа қатысушыларды тіркеу 9:00-11:00 аралығында жүргізіледі. Жарыс бүгін жергілікті уақытпен сағат 18:00-де басталады.

Фестивальдің амбассодоры – Street workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі бірі – Айтым Жакупов. Атырау тұрғындары фестиваль қонағы – әнші Мирас Жүгінісовтің өнерін тамашалайды. Оның концерті кешкі сағат 22:00-де басталатыны жоспарланып отыр.

«Tartyl fest» фестивалінде 9 салмақ санаты бойынша 27 жеңімпаз анықталады. Қатысушылар мына категорияда бақ сынайды. 18 жасқа дейін (жасөспірімдер): 1) салмақ – 55 кг дейін; 2) салмақ – 55 кг бастап 70 кг дейін; 3) салмақ – 70 кг бастап жоғары қарай 18 жастан 30 жасқа дейін (жастар): 4) салмақ – 65 кг дейін; 5) салмақ – 65 кг бастап 80 кг дейін; 6) салмақ – 80 кг бастап жоғары қарай; 30 жастан жоғары қарай (үлкендер): 7) салмақ– 80 кг бастап; 8) салмақ – 80 кг бастап 90 кг дейін; 9) салмақ – 90 кг жоғары.

Әр қаладағы фестивальдың жүлде қоры мынадай: 1 орын – 200 мың теңге, 2 орын – 100 мың теңге, 3 орын – 50 мың теңге. Гранд финалға қомақты жүлде қоры белгіленген. 1 орын – 3 млн теңге, 2 орын – 2 млн теңге, 3 орын – 1 млн теңге. Гранд финал Нұр-Сұлтан қаласында 8 қыркүйек күні өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Tartyl Fest» турникке тартылу бойынша республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған еді.

Бұдан соң аталған фестиваль Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында өтті. Шымкенттегі жарыста Азамат Сапар турникке 41 рет тартылып, рекордтық көрсеткішті жаңартты. Ал, Қызылордадағы сайыста 75 жастағы Александр Ким мен 6 жасар балақай Жандәулет Бағдатұлы белтемірге 15 мәрте тартылды .

Қонаев қаласында 10 шілдеде басталған фестиваль 6 қыркүйекке дейін өтеді. Ееліміздің 20 қаласының әрқайсысынан 27 жеңімпаз анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Гранд финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге. Ал, гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.




Соңғы жаңалықтар