Tartyl Fest: Ақтөбеде 500-ге жуық үміткер тіркелді
2022 жылғы 9 тамыз 07:21

Tartyl Fest: Ақтөбеде 500-ге жуық үміткер тіркелді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде турникке тартылудан «Tartyl Fest» республикалық фестивалі өтеді. Оған қатысуға 500-ге жуық үміткер өтініш білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«DARA» дарындыларды қолдау қоры Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Tаrtyl Fest»-ке шақырады. Турникке тартылудан бәсеке ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта өтеді. Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-12:00 аралығында болады. Ал сайыстың негізгі бөлігі жергілікті уақытпен сағат 18:00-де басталады. Саябаққа жиналғандар, сондай-ақ Kalifarnya ұсынған концертті тамашалай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа 500-ге жуық адам онлайн өтініш берген.

Еске салайық, «Tartyl Fest» турникте тартылудан республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталған болатын. Кейін Түркістанда, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Атырау қалаларында жалғасын тапты.

Әр қаладағы жүлде қоры: 1-орын – 200 мың теңге; 2-орын – 100 мың теңге; 3-орын – 50 мың теңге.

Гранд-финал елордада 8 қыркүйек күні өтеді. Оның жүлде қоры: 1-орын – 3 млн теңге; 2-орын – 2 млн теңге; 3-орын – 1 млн теңге.




Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT