Tartyl Fest: «Ақтауда рекорд жаңаруы әбден мүмкін»

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 3 тамыз күні Ақтауда турникке тартылудан «Tartyl fest» республикалық фестивалі өтеді. Шараны ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестиваль бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Ақтауда жарыс 15-шағынаудандағы Амфитеатр алаңында өтеді. 3 тамыз сағат 9:00-11:00 аралығында қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Басталуы – сағат 19:00-де.


Бүгінге дейін фестивальға қатысуға 468 адам өтінім берген.

«Онлайн және оффлайн түрде 500-ге жуық қатысушы болады деп жоспарлап отырмыз. Ақтауда спортқа жақын адам өте көп. Сондықтан бұл қалада рекорд жаңаруы әбден мүмкін»,- дейді «Tartyl Fest» жобасы ұйымдастырушыларының бірі Диас Төлепберген.

Жарыс соңында маңғыстаулықтар эстрада жұлдызы Нұржан Керменбаев пен жергілікті өнерпаздардың концертін тамашалайды.

Айта кетейік, турникке тартылудан «Tartyl Fest» республикалық спорт фестивалі Қонаев қаласында басталып, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Атырау қалаларында жалғасқан еді.

Спорт фестивалі еліміздегі ірі 20 қалада өтікізіліп, 6 қыркүйекте аяқталады. Әр қаладан 27 жеңімпаз анықталып, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың жүлде қоры – 54 млн теңге. Ал гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.


Соңғы жаңалықтар