Tartyl Fest: Ақтау тұрғыны турникке тартылудан жаңа рекорд орнатты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Tartyl Fest» турникке тартылудан республикалық фестивалінде ақтаулық тұрғын жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Tartyl Fest» фестивалі Ақтау қаласында биыл осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Турнир қала жағалауында орналасқан амфитеатрда өтіп жатыр. 3 тамызда сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін қатысушылар тіркеуден өтіп, салмақ өлшеп, кейін қатысушы нөмірін алды. Жарыс Ақтау уақытымен 19:00-де басталды. Қазір де ол аяқталуға жақын.

Турнир барысында 32 жастағы қатысушы Дамир Нәбиев жаңа рекорд орнатты. Ол турникке 44 рет тартылды. Бұған дейінгі рекорд 23 шілдеде Шымкентте өткен фестиваль барысында тіркелген еді. Ол жолы турнирге қатысушы Азамат Сапер белтемірге 41 рет көтерілді.

Фестивальге қатысушы 20 қаланың тұрғындарына ереже бірдей. Ол – турникке дұрыс әрі көп тартылу. Қатысушылар салмағы мен жасына байланысты тоғыз санатта бақ сынайды. Жарыс ресми төрешілер алқасының қатысуымен өтеді.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, Ақтаудағы фестиваль аяқталғаннан кейін кештің арнайы қонағы - белгілі қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев өнер көрсетеді.

«Tartyl Fest» Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Дара» таланттарды қолдау қорының қолдауымен өтіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар