Тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметкер жоғары лауазымға көтеріле ала ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде меритократия негіздерін, яғни адамның жеке қабілеттерін бағалап, оның қызметін сатылап өсіру жүйесі аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне «Тәртіптік жазаға тартылған қызметкер жоғары лауазымға көтеріле ала ма?» деген сауалдар жиі түседі, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселен, жақында министрлікте жұмыс істейтін бір қызметкер тәртіптік жазаға тартылғанын, басшылық тарапынан ескерту алғанын жеткізіп, осыдан кейін ішкі конкурсқа, яғни жоғары лауазымға тағайындауға қатыса ала ма деген сұрағын жолдады. Жауабы - Иә. Ондай қызметкер конкурсқа қатыса алады. Себебі тәртіптік жазаның саны ішкі конкурстарға қатысуға бөгет бола алмайды. Алайда ондай әрекеттер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірсе, жоғары лауазымдарға арналған конкурстарға қатысуға рұқсат жоқ», - дейді мемлекеттік қызмет департаментінің міндетін атқарушы Жарқын Тілеукенов.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда да ішкі конкурстарға қатысуға болады. Дегенмен, әкімшілік жаза сыбайлас жемқорлыққа қатысты болса, ол адамның құжаттары қабылданбайды.

Соңғы жаңалықтар