Тәртіптік кеңесте ауыл әкімдерінің істері қаралды

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Желтоқсанның 23-інде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы болып, онда мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде екі бірдей ауылдық округ әкімінің істері қаралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округінің әкімі Тілекқабыл Қуаншалиев өзбекстандық азамат М.Курбаковты ауылына сауда жасауға шақырып, оған орын да тауып берген. Бірақ мұның заңдылық жағын ескермеген. Ал Орал қаласына қарасты Круглоозерный кенттік округінің әкімі Губби Бегалиев азаматтардың арыз-шағымы мен іс қағаздарын реттеуде мұқияттылық танытпаған. Ар-намыс кодексі талаптарын бұзғаны үшін Т.Қуаншалиевке ескерту, Г.Бегалиевке сөгіс беру ұсынылды. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік нысандарымен жұмыста кемшіліктерге жол берген Орал қалалық мемсанэпидқадағалау басқармасының бастығы Мұхамед Арысбаевтың үлесіне қатаң сөгіс тиді.

ҚР АШМ Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы Қамысты ауылдық округінің мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы, жетекші маман Данияр Жалбықов біреудің он бас жылқысын ұрлап кеткендерге еш қиналмастан малдәрігерлік анықтаманы ұстата салған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін Д.Жалбықовқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру туралы ұсыныс жасалды.

Соңғы жаңалықтар