Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен кәсіпкерлік нысандардың 98 пайызы шағын бизнеске тиесілі – «Атамекен» ҰКП

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының call-орталығына тәртіпсіздік әрекеттерінен зардап шеккен кәсіпкерлерден 150-ден астам өтініш хабар түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Хабар-24» арнасында айтылды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының call-орталығына 150-ден астам өтініш хабар түсті. Ұлттық палата бизнесмендерден тәртіпсіздіктер кезінде келген шығын мен залалдың ауқымын фото мен видео арқылы тіркеп отыруды сұрайды», - делінген телеарна эфирінен айтылған мәліметте.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тәртіпсіздік әрекеттердің бизнес нысандарына нұқсан келтіруіне алаңдайтындарын мәлімдеді.

«Атамекен» ұлттық палатасы ереуілшілердің арандату әрекеттерінен шағын бизнеске орасан зардап келіп жатқанына қатты алаңдаулы. Зардап шеккен бизнес нысандардың 98 пайызы шағын бизнеске тиесілі»,-делінген палатаның «Хабар-24» арнасына берген мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар