Тәртіпсіздіктер кезінде 8 өңірде 53 мемлекеттік және 151 ШОБ нысаны зардап шеккен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бұзылған объектілерді қалпына келтіру шаралары туралы мәлімет берді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдіктердің жедел деректері бойынша ел бойынша 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан және 151 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны зардап шекті. Әкімдіктер бүлінген нысандардың нақты санын күн сайын жаңартып отырады», - деген министр мемлекеттік комиссия бұл мәселе бойынша бірыңғай қадамдық іс-қимыл алгоритмін әзірлегенін және объектілерді қалпына келтіру бойынша нақты мерзімдер белгіленгенін атады.

«Барлық өңірлерде келтірілген залалды тексеру және бағалау жөніндегі тиісті комиссиялар құрылды.

Бүгінгі таңда ақау туралы актілер жасалып, техникалық тексеру жүргізілуде. Кейін жедел тәртіпте күрделі жөндеу және қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.

Қалпына келтіру жұмыстарын бюджеттен қаржыландыру үшін министрлік әкімдіктер жеткізген тізбе бойынша қажетті құжаттаманы жинайды», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Соңғы жаңалықтар