Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі кешіріледі - агенттік
2022 жылғы 20 қаңтар 17:10

Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі кешіріледі - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың несиесі қалай өтелетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Берілген тапсырмаға сәйкес, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге берілетін несиелер есептен шығарылады. Дәл осындай жұмысты агенттік тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан жеке тұлғалардың тізімі бойынша да жүргізеді. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді Александр Терентьев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Департамент директоры қаза тапқандардың, зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

«Алматы трагедиясындағы барлық қайғы-қасірет үшін көңіл айтамын», - деп толықтырды Александр Терентьев.

Айта кетейік, бүгін ОКҚ алаңында қаржы секторы еліміздегі қайғылы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушыларды қолдайтыны туралы баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр.


Jańalyqtar

MURAǴAT