Тарихымызға қатысты тың мәліметтер шетелдік архивтерде жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазаққа қатысты тың мәліметтер шетелдік архивтерде жатыр. Бұл туралы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай пікір білдірген Мемлекеттік тарих институтының бас ғылыми қызметкері Ғани Қарасаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы барлық архивті қарап шықтық, онда айтарлықтай дерек жоқ. Үлкен мәліметтер Ресейдің Санкт-Петербор, Мәскеу, Омбы және шетел архивтерінде жатыр. Бірақ, олар жабық, барсаңыз бермейді. Оларда қазақтың отаршылық зардабын тартқаны жөнінде деректер мол. Санкт-Петербор архивінде үш ай жұмыс істеп, біраз мәлімет әкелдім. Алайда, онда императорлық деген бөлім бар, өте құпия. Оған кіргізбейді. Сондағы мәліметтерді алуымыз керек», - дейді тарихшы.

Оның айтуынша, Түркия мұрағаттарында қазаққа қатысты деректер тым аз. Олар өздерінде бар Қазақ хандығы мен Осман империясы  арасындағы байланыстарға қатысты архив құжаттарын Қазақстан тарапына берген.

«Ал қытай архивтерінде ғұн, сақ, үйсін, қаңлы, Түркі қағанаты туралы мәліметтер өте көп. Оны алу үшін келісім керек, сондай-ақ тіл білуіміз қажет.  Елбасымыздың «Архив-2025» жобасы аясында осы мәліметтерді тез арада алғанымыз жөн. Осыған жұмыла кірісіп, асыра мақтай бермей шындықты жазуымыз керек. Сонда қазақ халқының әлемдік орны айқындала түседі деп ойлаймын», - деді ғалым.

Соңғы жаңалықтар