Тарихтағы ең жылдам ұшақтың жобасы жасалды - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Сөзжұмбақ қарттардың миына пайдалы - Inversenull

Ғалымдар қартайғанда сөзжұмбақ пен судоку шешу мидың жұмысын жақсартатынын дәлелдеді. Зерттеу туралы мақала Inverse журналында жарияланды.«Эксетер университетінің ғалымдары қарттардың сөзжұмбақ шешуге кетіретін уақыты бос жұмсалмайтынын анықтады. Ғалымдардың айтуынша, сандар мен әріптер бар басқатырғыштар есте сақтау қабілетінің жұмысын белсенді қылдырады, деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, зерттеуге 50 мен 93 жас аралығындағы 20 мыңға жуық адам қатысқан. Мамандардың айтуынша, ойжұмбақтармен әуестенетін адамдар өздерінің биологиялық жасынан сегіз жылға жастау болып шыққан.

Тарихтағы ең жылдам ұшақ жобасы таныстырылды - Arstechnicanull

Американың Hermeus әуе компаниясы Парижден Нью-Йорк қаласына дейін бір жарым сағатта жете алатын ұшақ жобасын таныстырды. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл тарихтағы ең жылдам жолаушылар ұшағы болмақ, деп жазады Arstechnica.

«Қазір Париж бен Нью-Йорк арасындағы әуе рейсі жеті сағатқа созылады. Жаңа жобада ол айтарлықтай қысқарды. Бүгінгі таңда жоба бойынша ұшақтың технологиясы туралы мәліметтер белгілі болғанымен, жобаны жүзеге асыру барысында ол өзгертілуі мүмкін. Дегенмен, жоба бойынша тарихтағы ең жылдам ұшақ құрастырылатыны өзгеріссіз қалады», деп жазады басылым.

2050 жылға қарай Еуроодақ тұрғындары азаяды - El Paisnull

«Еуроодақ экономикалық өсімді ұстап тұру үшін миграциялық ағынды қажет етеді. Егер Еуропа иммиграция есіктерін жауып тастаса, 2050 жылға қарай Еуроодақ тұрғындарының саны 49 миллионға азаяды. Ал жұмысқа қабілетті адамдар санының азаюы бірінші кезекте экономиканың дамуын тежейді», деп жазады El Pais басылымы.

«Бүкіл Еуропа бойынша мигранттарға қарсылық легі байқалады. Дегенмен, Еуропа болашағы иммигранттарға байланысты екенін ешкім мойындамай отыр. Еуроодақ демографиялық өлім жолына түскеніне көп уақыт болды. Қазір Еуроодақта 511 миллион адам өмір сүреді. Дегенмен,

2015 жылдан бастап Еуропа елдерінде өлім көрсеткіші бала туу көрсеткішінен төмен. Соған қарамастан Еуропа халқы санының кемімей тұруы тек келімсектердің арқасы. Жыл сайын Еуропаға

1,3 миллион иммигрант келеді», деп жазады басылым.

Автордың жазуынша,1900 жылы Еуропада әлем халқының 20%-ы өмір сүрген. 1960 жылы 13,5% болса, бұл көрсеткіш 2015 жылы 6,9% болған. Мамандар 2040 жылы бұл көрсеткіш 5%дан да төмен болатынын айтады.

«Егер бұл тенденция сақталып, иммигранттардың келуі тоқтатылатын болса, 2050 жылға қарай Еуроодақ тұрғындарының саны 49 миллион адамға азаяды», деп жазады автор.

АҚШ денсаулық сақтау саласы дағдарысқа ұшырады - Project Syndicate

«АҚШ саясаты макроэкономикалық индикаторлардың құлына айналды. Ал түптеп келгенде, макроэкономикалық көрсеткіштер өмір сапасы туралы ештеңе айта алмайды. Мысалы, Америка экономикасы жоғары деңгейде болғанымен, америкалық денсаулық сақтау саласында дағдарыс жүріп жатыр», деп жазады Project Syndicate басылымы.

Автордың айтуынша, Gallup АҚШта экономика өрлеп жатқанымен, адамдарда күйзеліс пен ашу көбейген.

«2018 жылы америкалықтардың 55%-ы күні бойы күйзелісте жүретінін айтқан. 45%-ында мазасыздық, әр бесінші америкалықта қатты ашу болған», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Америкадағы халықтың күйзелісі соңғы он жылда ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Жартылай дайын өнім семіздікке апарады - Der Standardnull

«Жартылай дайын өнім көп калорияның жиналуына әкеліп, семіздіктің пайда болуына әсер етеді», деп жазады Der Standard басылымы.

Мақала авторының жазуынша, әлем халқы семіздік дертіне көп шалдығуда.

«Бүкіл әлем бойынша 1975 жылдан бүгінгі күнге дейін семіріп кеткендердің саны үш есе көбейген. Бұл жағдайға әсер еткен ең басты факторлардың ішінде тамақтану тәртібінің өзгеруі, көміртекке бай өнімдерді тұтыну мен қанты көп сусындарды ішу бар», деп жазады басылым.

Диетологтар жартылай дайын өнімдерді тұтынудың адам денсаулығынна әсерін зерттеп, қатты өңделген тағамдардың семіздікке апаратынын дәлелдеді.

«Бетесдтегі Денсаулық сақтау институты ғалымы Кевин Холл бастаған бір топ ғалымдар жүргізген зерттеуге қатысушылар төрт апта бойы зертханада тек жартылай дайын өнім тұтынған. Нәтижесінде олар екі аптаның ішінде бір килограмм салмақ қосқан», деп жазады автор.

Brexit келіссөздері сәтсіз аяқталды - Reutersnull

Британ лейбристері мен консерваторлары Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы ортақ келісімге келе алмады, деп жазады Reuters басылымы.

«Лейбристік партия көшбасшысы Джереми Корбин партиялар арасындағы келіссөздердің сәтсіз аяқталғанын хабарлады. Оның айтуынша, премьер министр Тереза Мэйдің үкіметі беделінен айырылған және ортақ шешімге келе алмайды», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, ресми түрде Ұлыбритания Еуроодақтан 2019 жылдың 29 наурызында шығуы керек болатын. Бірақ саясаткерлер Еуроодақтан мемлекеттің қашан шығатынын ғана емес, шығу керек пе әлде Еуроодақ құрамында қалу керек де деген сұраққа да жауап ала алмаған. Ал сәуір айының басында Брюссель Брексит уақытын 31 қазанға дейін созуға келіскен болатын. Сол уақытқа дейін екі тарап ортақ келісімге келуі керек. Олай болмаған жағдайда Ұлыбритания Еуроодақтан еш келісімсіз шығады.

Кейбір түстер неге ұмытылмайды - BBCnull

«Кейбіреулер қырық жыл бұрын көрген түсін әлі ұмытпай есінде сақтап жүр. Тіпті, түсінде көрген әр деталь жатталып қалған. Ал ол адам бір апта бұрын көрген түсін есіне түсіре алмауы мүмкін. Адамның көрген түсін есте сақтауы биологияға байланысты болып шықты», деп жазады ВВС басылымы.

Автордың жазуынша, түс біз ойлағаннан да күрделі дүние.

«Психолог Дейдре Барреттің айтуынша, нақты құрылымы бар түстерді есте сақтау оңай. Ал Лозанна университетінің түстерді зерттеу маманы Франческа Сиклари түс пен сергектік арасында шекара барын айтады. Яғни, егер кейбір түстердің көбі әр деталімен бірге есте сақталатын болса, ол шын өмірге кері әсер етуі мүмкін», деп жазады автор. Оның айтуынша, нарколепсия сияқты аурумен ауыратын адамдар түс пен шынайы өмірді ажырата алмайды.

«Көп жағдайда адам көрген түсінің белгілі бір бөлігін ғана есте сақтап қалады. Биология бұл жағдайды да реттеп қойған», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар