Тарихта «Шаңды жорық» деген атаумен қалған оқиға Бурабайдағы Абылай хан мұражайының бір қабырғасына безендірілді

None
None
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Бұл мұражайдың ішкі келбетін безендіру барысында ғалымдармен, тарихшылармен, мұражай қызметкерлерімен кеңестер өткізіп,

Абылай бабамызға қатысты материалдарды жинақтадық. Көркемдік композициясын жасау үшін жан-жақты ауқымды жұмыстар жүргіздік» дейді ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қоңыр Мұхамедиев. Ол бұл пікірін қазанның 24-інде Бурабайда Абылай хан атындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің экспозиция кешенінің ашылуы барысында бұқаралық ақпарат өкілдеріне айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылқалам шеберінің айтуынша, осындай ауқымда жұмыстардың нәтижесінде көркемдік  композиция дүниеге келген. Жалпы, мұражайда рариттеттік көне заттар болмайды. Онда танымдық дүниелер, атап айтқанда, Абылай бабамыздың кім екенін көрсететін, қазақ  халқын шетелдік туристерге танытатын фотоқұжаттардың көшірмелері қойылған. Осыларға орай ішкі қабырғаларын безендіру барысында суреттер салынған. Солардың бірі «Шаңды жорық» деп аталады.

«Мына қабырғаға салынған сурет 18-ші ғасырда болған «Шаңды жорық» шайқасының эпизоды. Көріністе шайқас барысындағы қазақ батыры мен жоңғар батырының жекпе-жегін динамикалық жағдайда көрсетуге тырыстық. Осы арқылы қазақ халқының елін азат етуге деген құштарлығын, күш-жігерін көрсеттік. Орталығында  жоңғар әскерінің туын құлатып, сындырып жатқан сәтті салдық. Ал жоғары қыратта Абылай бабамыздың шайқастың қалай өтіп жатқанын бақылап тұрған кезін бейнеледік», дейді Қ.Мұхамедиев.

1773-1777 жылдары қазақ ханы Абылай оңтүстік шекарасын нығайту мақсатында    Ташкент өңіріне шабуыл жасап, Шымкент,  Ташкент бекіністеріне өз адамдарын отырғызады. Ол бұл жорықтарға Көкшетау - Есіл - Нұра - Шу - Талас бағытымен жүргендіктен Абылай жолы аталып кеткен. Ел ауызында оның «Шаңды жорық» деген де атауы бар.  

Жалпы, осы мұражайдың ішін безендіруге Қ.Мұхамедиев бастаған 30-ға жуық суретшілер тартылған.

Соңғы жаңалықтар