Тарихқа айналған құнды суреттер: 100 жыл бұрынғы Кереку өңірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» Павлодар облыстық Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып, «Тамыры терең туған жер» атты көрме өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме арқылы Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына үн қосқан мұражай қызметкерлері жылжымалы көрме арқылы келушілерді тарихи-мәдени маңызы, ғылыми құндылығы бар қолжазбалар және сирек кітаптармен таныстырып, Павлодар облыстық Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының мұрасын насихаттамақ.

«Тамыры терең туған жер» көрмесі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көрме қонақтары мұражай қорынан Кереку, Ертіс өңірінің тарихы туралы деректермен танысады. Көрмеге Әбілқайыр ханның канцлер Головинге жазған хатының, Сібір комитетінің КОряков станицасына штаттан тыс қала дәрежесін беру және оны Павлодар деп атау туралы жарлығының, Ямышев бекінісі жоспарының фотокөшірмелері сақталған. Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны Мұса Шормановтың (1818-1884) еңбектері ерекше маңыз ие екені белгілі. Көрмеде Шормановтың жеке заттары, фотосуреттері мен мақалаларының көшірмелері ұсынылады.
null

«Көрмеге Мұса Шормановтың шырағданы, академик Әлкей Марғұланның жеке заттары, киімдері қойылды. Алғашқы рет осындай тақырыптық қолжазбалар көрмесін өткізіп жатырмыз. Бұл фотосуреттердің бәрін Кереку өңірінің тұңғыш кәсіби фотографы, өлкетанушы Дмитрий Багаев түсірген. Ашаршылық пен көш жайлы көптеген мұралары бар. Багаевқа кезінде өңіріміздің тарихын суретке түсіру тапсырылған екен. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың ортасына дейін қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы ол біршама мұра қалдырып кеткен», - дейді Павлодар облыстық Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкеутану мұражайы директорының орынбасары Гүлжайна Әлиева.
null

Гүлжайна Әлиеваның айтуынша, Павлодардағы мұражайда Дмитрий Багаевтың ашаршылық жылдары туралы түсірген жасырын суреттері бар. Көрменің «Объективте Павлодар. Ертіс өңірі» бөлімінде Д.П.Багаевтың мемориалдық үй-мұражай қорынан алынған материалдармен біршама танысуға болады. Онда фотографтың қолжазбалары мен фотосуреттері ұсынылған. Сол секілді Кереку өңірінен әйгілі тұлғалардың - ғалымдар мен жазушылардың, мемлекет қайраткерлерінің қолжазбалары, кітаптары мен жеке заттары көрмеден орын тапқан.

Көрмені көппен бірге танымал ғалым, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім мен белгілі тарихшы Жамбыл Артықбаев тамашалап, келушілер тарихи деректер жайлы біршама мағлұмат алды.

null null null null
null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар