Тарихи сериалдар төрге озған жыл

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы қазақстандық көрермендер тарихи тақырыптағы сериалдардың экранға шығуын асыға күтті. Тарих қойнауына еніп кеткен бұл жыл қазақ киносы үшін айтарлықтай табысты болды.

Қазақстандық «Мыстан» сериалы Берлин фестивалінде үздік драма атанды

Данияр Алшынов - Нью-Йоркте өткен IMDb халықаралық байқаунда «Үздік драма актері».

The best actor award-New York - IMDb халықаралық конкурсы бүкіл әлемде ерекшеленген актер арасында өтетін жыл сайынғы шара саналады. Басты миссиясы - таланттарды мойындап, тәуелсіз киноның үздік актерлерін марапаттау. Жыл бойы төрешілер тек үздік фильмдерді Нью-Йорктегі жыл сайынғы көрсетілім үшін таңдап алады.

«Nomad Stunts» каскадерлер тобы – АҚШ-тағы Әлем каскадерлері академиясының «Taurus» сыйлығының иегері. («Томирис» фильміндегі трюктері үшін).

Топ жетекшісі Жайдарбек Күнғожиновтің айтуынша, «каскедерлер арасындағы «Оскар» аталып кеткен сыйлықты Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқы болып иеленген. «Taurus» бұл ұжымға «Шетел фильміндегі ең үздік трюктер» номинациясы бойынша берілген.

Самал Еслямова – Ресей Федерациясындағы «Ника» кинематографистер жүлдесінің 2019 жылғы ең үздік актрисасы. («Айка» фильміндегі басты рөл үшін).

2020 жылы марапаттау салтанаты пандемияға байланысты өтпегендіктен, ұйымдастырушылар 2019-2020 жылғы жеңімпаздарды қатар марапаттады. Еске салсақ, 2018 жылы Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды.

2021 жылы Самал Еслямова басты рөлді сомдаған «Барымташылар. Уақыт жолы» фильмі Францияның 21 қаласында прокатқа шықты.

Еркебұлан Дайыров – Канн кино жүлдесі бойынша «Азияның үздік актері» («Күнбағыс» фильміндегі рөлі үшін).

Актер бұған дейін «Бауыржан Момышұлы», «Анаға апарар жол», «Қазақ елі», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Тараз», «Алтын орда», «Шлагбаум», «Балуан Шолақ» фильмдерінде негізгі рөлдерді сомдаған.

Дәрежан Өмірбаев - Токио халықаралық кинофестивалінің «Үздік режисері». («Ақын» фильмі үшін).

«Қазақфильм» АҚ түсірген «Ақын» фильмі Дидар есімді мойындалмаған жазушының өмірі туралы баяндайды. Фильмнің сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» желісі бойыншы жазылған.

Төлепберген Байсақалов - Дүниежүзілік Азия кинофестивалінің «Үздік ер адам рөлі» жүлдесінің иегері («От» фильміндегі жұмысы үшін).

Байқауға 20-дан астам елде түсірілген 30 фильм қатысты. «От» фильмі бүгінгі қоғамда өмір сүріп жүрген қарапайым адамның оқиғасын баяндайды.

Маржан Бекмағанбетова – Канн қаласында өткен CANNES SHORTS қысқаметражды фильмдер фестивалінің «Көрермендер көзайымы» номинациясының жеңімпазы («Мариям» фильмі үшін).

Бас кейіпкер Мариямның рөлінде сол кезде ҚазҰӨУ студенті болған жас актриса Айғаным Өтегенова ойнады. Батыр қыз Зерені сомдаған – Әзел Қанатбек. Фильмге түрмеден туған ауылына оралған жас қыз Мариямның өмірі арқау болған.

«Мыстан» сериалы – халықаралық Webfest Berlin кинофестивалінің жүлдегері.

«Мыстан» вебсериалының тұсауы 2021 жылғы 24 маусымда кесілген болатын. Телехикая ер адамдар тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған үш әйелдің тағдыры жайлы баяндайды. Олар қоғамда әйел құқығы тапталып жатқанына шыдамай, күресуге бел буады.

Желтоқсан айының басында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Qazaqstan телеарнасы түсірген 6 тарихи сериалдың таныстырылымы өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жәңгір хан. Сарай сыры», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Домалақ ана», «Тәшенев. Тайталас», «Қаныш. Қазына», «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» тарихи телехикаялары түсірілген болатын. Бұл топтамалардың алғашқы легі көрермен қауымға былтыр жол тартты.


Соңғы жаңалықтар