+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Тарихи ойын: «Астана» «Манчестер Юнайтедті» ұтты

2019 жылғы 28 қараша 23:40
Бөлісіңіз:
Тарихи ойын: «Астана» «Манчестер Юнайтедті» ұтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі «Астана» - «Манчестер Юнайтед» матчы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кездесудің бірінші бөлігі 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Екінші таймда алаң иелері басымдық танытты. Қарымта шабуылдардың бірінде Роман Мұртазаев әріптесі Дмитрий Шомкоға пас берді. Қақпа алдында жалғыз қалған Шомко қақпашыдан айласын асырды. Есеп теңесті. «Астана» шабуылы еселене берді. Оң қапталдан шабуылға қосылған Антонио Рукавинаның ұмтылысы жемісті болды. Оның соққысы «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Ди'Шон Бернардтың аяғына тиіп, қапқаға еніп кетті. Төреші автогол ретінде тіркеді. Есеп – 2:1.

Одан әрі «Астана» ойыншысы Рунар Сигурьонсон таблодағы есепті өзгертетін сәтті мүлт жіберіп алды. Ол Дорин Ротариу асырған допты қақпаға қиыс ұрды.

Төреші қосқан қосымша уақытта анау айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Осылайша, «Астана» командасы Англияның 20 мәрте чемпионы, Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазынан басым түсіп, Қазақстан футболындағы тарихи жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бүгінгі кездесумен елордалық ұжым өз алаңында өткізетін биылғы ойындарды қорытындылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT