Тарихи отанына көшкісі келетін қандастар ең алдымен не істеуі керек

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған қандастар ең әуелі не істеуі керек? Бұл сұраққа «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қор арнайы түсірген видеороликке сенсек, шетелдегі этникалық қазақтар ең әуелі қоныстанатын ауыл-аймақ, елдімекенді анықтап алғаны жөн.

«Сіз елдің кез келген өңіріне көшіп келе аласыз. Дегенмен қандастардың көшіп келуіне басымдық беріліп, квота қарастырылған аймақтар бар. Олар – СҚО, ШҚО, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстары. Онда тарихи отанына оралған азаматтарға тиісті жағдай жасалған. Қордың сайтында әр облыстағы өзіңіз таңдаған елдімекеннің ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, экономикасы, демографиялық ахуалы жайлы ақпарат жарияланған» делінген мәліметте.

Қазақстанға көшіп келуге қатысты жан-жақты ақпаратты сондай-ақ 1404 жедел желісіне хабарласып, сұрап білуге болады.



Соңғы жаңалықтар