Тарихи музейде тұрған мумияны көмгелі жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкектегі Қырғыз мемлекеттік тарихи музейінде сақтаулы тұрған мумия антропологиялық зерттеуден кейін көміледі, деп хабарлайды Кабар .

Мұндай шешім кеше, 12 қазанда мумияны көму жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы барысында қабылданды.

Қырғызстан мәдениет, ақпарат және туризм министрі Түгелбай Қазақов атап өткендей, музейде 60 жылдан бері тұрған мумияға антропологтар мен зерттеуге қажетті құралдардың болмауы салдарынан ғылыми зерттеу жүргізілмей келген.

Мумияның сол күйі сақталуы үшін арнайы бальзамдау процедураларын жүргізу қажет. 

Соңғы жаңалықтар