+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Тарихи-мәдени бірлестіктерді биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптесіне айналдыру керек - Көшербаев

2020 жылғы 27 қараша 12:08
Бөлісіңіз:
Тарихи-мәдени бірлестіктерді биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптесіне айналдыру керек - Көшербаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тарихи-мәдени бірлестіктерді биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптестері қатарына көтеретін кез келді. Бұл туралы «Қоғам және мемлекет: «Birgemiz» - 30 жылдық серіктестік пен даму» атты IX Азаматтық форумның жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нью-Йорк конкурсында қазақстандық актер үздік деп танылды Астанада Федор Достоевскийдің «Ұлдар» драмасының премьерасы өтті 95 жылдық мерейтой: Еліміздің тұңғыш театрына «ұлттық» мәртебе берілді

«Бүгінгі таңда елімізде 500-ге жуық ұлттық этно-мәдени қорлар мен тарихи-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бұл бірлестіктер тарихшылар мен журналистердің, жазушылар мен өлкетанушылардың басын біріктіріп, ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді насихаттап, қазақтың даңқты ұл-қыздарының еңбектері мен ерліктерін жас ұрпақтың жадына сіңіруге аянбай қызмет етіп келеді. Әлбетте, бұл - өте қажет әрі маңызды шаруа. Біздің ойымызша, ендігі жерде осы бірлесіктер мен қорлардың қызметін жаңа сатыға көтеріп, оларды республикалық және жергілікті биліктің жалпыұлттық деңгейдегі әріптестері қатарына көтеретін кез келді», - деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы алдағы уақытта бұл қорлар мен бірлестіктердің еліміздің айтулы даталар мен күнтізбесін және гуманитарлық күн тәртібін қалыптастыруға атсалысуы - бәріміз үшін аса маңызды болатынын баса айтты.

«Біз жергілікті жерлердегі рушылдық пен басқа да ұсақ бөлінушілердің жолын кесіп, отандастарымыздың бойында ұлттық, мемлекеттік сананың қалыптасуына мүмкіндік береміз»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT