Тарихи Хан ордасында табиғи газ алауы тұтанды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Бөкей ордасы ауданы тарихи Хан ордасы ауылында табиғи газ алауы тұтанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандағы  Мұратсай ауылынан Хан ордасына дейін ұзындығы 41 шақырым газ құбырының құрылысын Төкен Жұмағұлов басқаратын "Теңізмұнайқұрылыс" акционерлік қоғамы жүргізіп берді.

Ауылға «көгілдір отынның» келуіне байланысты өткен салтанатты шараға аудан әкімі Рахман Карин, соғыс және еңбек ардагерлері, жергілікті халық қатысты. Үш мыңнан аса адам тұратын ауылда алғашқы газ алауы тұтанды. Енді ол әр үйге тартылмақшы.

 Сондай-ақ осы күндері аудан орталығы - Сайқында "Тәуелсіздік" монументі бой көтерді. Аудан әкімі Рахман Кариннің айтуынша, бұл ескерткіш халқымыздың терең тарихы мен мәдениетін, егеменді еліміздің бүгінін және барыстай самғайтын келешегін паш етеді. Осы салтанатты шара барысында Сайқында бой көтерген бір пәтерлі төрт үйдің жаңа иелеріне кілттер тапсырылды. Жаңа үйлердің біріне аудан орталығындағы жалғыз көзі тірі соғыс ардагері және мүгедегі Мұхамедияр Қоштановтың отбасы қоныстанса, қалған үйлер дәрігерлерге бұйырды.

Соңғы жаңалықтар