Тарих жасалды: Головкин Шереметамен жекпе-жегінен видеоүзінді жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Instagram-дағы өз парақшасында Польша боксшысы Камил Шереметамен (21-1, 5 КО) жекпе-жегінің үздік сәттерінен видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тарих жасалды» - деп жазды GGG Шереметамен жекпе-жекке қатысты жазбасында.

Сондай-ақ Г.Головкин айқастан кейінгі сәттері туралы фотолармен бөлісті.

Еске сала кетсек, Головкин Шереметаны мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің салмақ дәрежесінде рекордтық 21-ші рет әлем чемпионы титулын қорғап шықты. Бүгінде қазақстандық боксшының IBF және IBO титулдары бойынша белдіктері бар.

Осы жекпе-жектен кейін Геннадий бүгін өтетін Сауль Альварес – Каллум Смит арасындағы айқастың жеңімпазымен жұдырықтасуға ниет білдірді.




Соңғы жаңалықтар