Тарифтерді өзгертуге байланысты инфляцияның жиынтық шегі өткен 9 айда 0,38 пайызды құрады

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -Елімізде өткен 9 айдағы тарифтерді өзгертуге байланысты инфляцияның жиынтық шегі 0,38 пайызды құрады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл ретте қабылданған шаралар нәтижесінде тарифтерді өзгерту туралы шешім жиынтық үлес бойынша жылдық 2 пайызды құрап отыр. Бұның ішінде суық сумен жабдықтау қызметтері бойынша инфляция үлесі - 0,045 пайызды, ыстық сумен жабдықтау қызметі бойынша - 0,027 пайызды, кәріз қызметтері - 0,008 пайызды, орталықтандырылғын жылыту қызметтері - 0,063 пайызды, электр энергиясы 0,212 пайызды құрады. Инфляцияны белгіленген мөлшерде ұстап тұру мақсатында агенттік реттелетін қызметтер аясында және аумақтық брліктер бойынша тарифтерді өсірудің шекті деңгейлерін белгілеген болатын. Бұл баға нақты белгіленіп қана қоймай, оны қолданысқа енгізу кестесі де көрсетіліп отыр. Сондықтан да, реттелетін қызметтерге тарифте бекіту барысында Агенттік осы өлшемдерді басшылыққа алатын болады. Бұндай шара табиғи монополия субъектілеріндегі тариф үдерісін бақылауды ұстайды әрі бағаны бекітілген шектен асыруға жол бермейді», деді Агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар