Тарбағатай ұлттық паркінде сабаншы видеоға түсіп қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тарбағатай ұлттық паркінде сабаншы бейнежазбаға түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орман шарушылығы және жануарлар әлемі комитетінің мәліметінше, сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң.

Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды.

Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тыйым салынған.


Еске сала кетейік, бұған дейін Үстірт қорығында қарақұлақтардың фототұзаққа түскенін жазған болатынбыз.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағына қойылған фототұзаққа қарақұлақ төлімен бірге түсіп қалған. Мамандар оны ғылыми-зерттеу жұмысы және рейд барысында көрген.

Фото: instagram.com/qazfwc





Соңғы жаңалықтар