«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумағында тағы да бір ұлттық парк бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бұл жайында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы №382 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Ұлттық парктің ауданы 143550,5 га. Бұл еліміздегі 13-ші ұлттық парк», - деп жазды ол.

Сәкен Ділдахмет өз жазбасында Тарбағатай тауы жайлы ел ішіндегі бір аңызды жазды.

«Кезінде Тарбағатай тауында қазақ жерін жаулап алған қалмақтар мекен етіпті. Бірақ күнделікті бұл жер дамылдауға, қоныс қылуға өте жайсыз болған. Қаптаған суыр түні бойы ащы дауыстарымен шаңқылдап маза бермепті. Қалмақтар суырды «тарбыға», ал тауды «тай» деп атайды екен. Сонан осы биікті «Суырлытау» яғни «Тарбағатай» деп атапты», - дейді Сәкен Ділдахмет.

 

Фотосуретті түсірген Алмас Ордабаев

Соңғы жаңалықтар