Тарбағатай ауданында жер сілкінісі болды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында сағат 14:12 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс эпицентрі Үржар ауданынан солтүстік-шығысқа қарай 165 шақырым жерде тіркелген. Тарбағатай ауданында тербеліс магнитудасы 3 балды көрсетті.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,2 болса, магнитудасы - MPV 4.3, ал тереңдігі 10 шақырымды құраған.

Соңғы жаңалықтар