USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Тарбағатай ауданында 175 тонна пішен өртенді

2021 жылғы 6 желтоқсан 11:57
Бөлісіңіз:
Тарбағатай ауданында 175 тонна пішен өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында 175 тонна пішен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да көктайғақ салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды Көліктері сынып жолда қалған 4 балықшы құтқарылды – ШҚО ШҚО-да мұз үстіндегі қауіпсіздікке байланысты 934 рейд өткізілді

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағатай ауданында құтқарушылар өртенген шөпті сөндірді.

«Өрт түнде Екпін ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде шыққан. Тілсіз жау 175 тонна пішенді шарпыды. Отты ауыздықтауға жеке құрамнан 8 адам, 3 өрт сөндіру көлігі мен шаруа қожалығынан 1 трактор жұмылдырылған. Бүгін сағат 7.52-де өрт оқшауланды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жүр. Өрттің қайдан, қалай шыққаны анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT