Тараздың орталық «Достық» алаңына Елбасының есімі беріледі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы «Достық» алаңына ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілетін болды. Бұл маңызды шешім қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев облыс орталықтарындағы ірі көшелердің бірін Елбасының атымен атау туралы бастама көтерген болатын. Осыған сәйкес, шаһардағы Төле би даңғылына ҚР Тұңғыш Президенті есімін беруді облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33-сессиясында бекіткен. Бірақ, республикалық ономастикалық комиссия Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстары әкімшілік орталықтарындағы жаңа атауды иеленетін объектілер мен көшелерді анықтай отырып, қайта қарау қажеттігін алға тартқан еді.

Осыған орай, тұрақты комиссия отырысында «Достық» алаңының атауын Нұрсұлтан Назарбаев алаңы деп өзгерту туралы ұсыныс талқыланып, қатысушылар бірауыздан қолдап мақұлдады. Бұл ұсынысты Тараз қалалық әкімдігі мен мәслихаты бірлесіп беріп отыр.

Соңғы жаңалықтар