Тараздың химия зауыттары қаладағы ыстың иісіне қатысы жоқтығын мәлімдеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз тұрғындары қаланың оңтүстік-батыс бөлігінен шығып жатқан ыстың иісіне және түтіннің таралуына шағымданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, шілде айының басынан бері Тараз тұрғындары түрлі инстанцияларға күйіктің иісіне шағым түсіріп жатқаны хабарланған болатын.

Әлеуметтік желілердегі Тараздың топтарында бұл мәселе кеңінен талқылануда. Тұрғындар күйіктің иісі облыс орталығына жақын жерде орналасқан «Қазфосфат» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар зауытынан шығып жатқанын болжап отыр.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жолдаған ресми сауалына берген жауапта осы нұсқа расталды.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне телефон арқылы сұхбат берген «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқащ Ескендір химия зауытының бұл жайтқа ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

«Қазфосфат 65 жылдан бері сол жерде тұр, түтін қай жақтан шығып жатқанын көруге болады. Адамдар жазып жатқан шағымдарды мен де оқып отырмын, әсіресе Химия ауылындағылар ол жақта бірдеңені жағып жатқанын айтып жатыр. Бірақ биіктен түтіннің қайдан шығып жатқанын көруге болады. Бізде негізінен судың буы шығады. Біздің бұған қатысымыз жоқ», - деп сендірді ЖШС басшысы.

«Қазфосфат» ЖШС дирекциясының берген мәліметтеріне сүйенсек, өңірдің химия кәсіпорындарында қоршаған ортаға кері әсерді азайту мақсатында фосфор қалдықтарын электртермиялық пештерде жою, арнайы тазарту орындары, фильтрлер сияқты табиғатты қорғауға арналған бірқатар шаралар іске асырылады.

«Қазфосфат» ЖШС филиалы «Минералдық тыңайтқыштар» зауыты ауыл шаруашылығы үшін азықтық фторсыздандырылған фосфат, минералдық тыңайтқыштар шығаратын химиялық зауыт болып табылады.

Соңғы жаңалықтар