Тараздықтар жарылыстан қаза тапқан жерлестерін еске алып, гүл қойып жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздықтар Жамбыл облысының Байзақ ауданында жарылыс салдарынан қаза болған құтқарушылардың құрметіне гүл қойып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар депатаментінің Іnstagram парақшасында естелік бұрышының мекенжайы жарияланды.

«Аза тұту рәсімі Тараз қаласының №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өтті. Қаһармандарға әріптестері, туған-туыстары мен қаламыздың жанашыр тұрғындары құрмет көрсетуге жиналды.

Қайғылы оқиға біздің 5 үздік әріптесіміздің, кәсіби мамандардың өмірін қиды. Марқұмдар әріптестері мен достарының жүрегінде сақталары сөзсіз. Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы аталған қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Олардың есімі көңілдерде мәңгілік сақталады.

Естелік бұрыштары Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 13, Тараз қаласы, Қаратау шағын ауданы 42, № 1 мекенжайларында орналасқан», - деп жазылған. департаменттің мәліметінде.

Еске салсақ, бүгін жамбылдықтар «Халық қаһарманы» Мейіржан Аймановты ақтық сапарға шығарып салды .

Оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысындағы әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар