Тараздықтар түрмеге ұялы телефон кіргізудің тың жолын тапқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қалалық сотында нан тасушы көліктің иесіне қатысты азаматтық іс қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 158/7 колониясының көлік өткізу бекетінде С. есімді нан тасушысының көлігінен «Nokia-107» маркалы ұялы телефон табылды.

Аталған байланыс құралын «Газ 3309»-дың артқы бамперіне тыққан. Осылайша, көлік жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481 бабы, 1-тармағы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде отырған тұлғаларға пайдалануға рұқсат берілмеген заттарды жеткізгені үшін айыпталды.

«Сот шешіміне сәйкес, С. есімді азамат кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш, 22 690 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ұялы телефон тәркіленді. Сот қаулысы күшіне енді», - делінген қалалық соттың үкімінде.

Соңғы жаңалықтар