Тараздық жас өнертапқыштар Англияға оқу-танымдық сапарға аттанбақ

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ерслан Шакенов пен Аян Жапсар Крэнфилд университетіне оқу-танымдық сапарға аттанады. Аталған мүмкіндікті балалар «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауына қатысу арқылы жеңіп алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш байқауда Аян мен Ерслан ұшақтардың ұшу тиімділігін арттыруға бағытталған өздерінің дизайнерлік, технологиялық, техникалық шешімдері мен идеяларын таныстырды.

- Біздің алдымызда аса тиімді ұшақты жобалау міндеті тұрды. Оның конструкциясы үшін біз жеңіл және берік материалдарды пайдаландық, сондай-ақ екі электр қозғалтқышын енгіздік. Ұшақтың көтерілу күшін арттыратын аэродинамикалық қанаттар пайдаландық. Байқау ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз. Өз жұмысымыз бен еңбегімізді көрсетуге тамаша мүмкіндік берді, - дейді жас өнертапқыштар.

Жарыс финалында еліміздің барлық аймақтарынан келген 500 қатысушыны қамтыған 100 үздік команда бақ сынасқан. Қазылар алқасының құрамына жергілікті және шетелдік мамандар кірген.

Айта кетейік, байқау Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қамқорлығымен өткізілді. Ұйымдастырушылар: ҚР Әділет министрлігі мен «ҰЗМИ» РМК және Назарбаев Университеті мен Крэнфилд Британдық университеті. Сондай-ақ, Қазақстанның ұлттық әуетасымалдаушысы «Air Astana» және «Samruk - Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры конкурстың серіктестері болды.

Соңғы жаңалықтар