Тараздық тұрғынның пәтерінен ұрланған тапанша табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласы полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасының барысында 29 жасар тұрғынның пәтерінен ұрланған қару табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шаһардағы шағын аудандарының біріндегі пәтерден табылған қару өткен жылдың қараша айында ұрланған. 29 жасар тұрғын өз кінәсін толық мойындады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Күдікті «Агент 35 "» маркалы револьвермен қатар тағы екі қаруды қолды қылған. «МР-133» маркалы қару көпқабатты үйдің жертөлесінде суға батып кетсе, ал Зауэр» 12 калибрлі қаруды Жуалы ауданындағы танысына берген. Барлық айғақ заттар тәркіленді»,- дейді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Күдікті азамат қамауға алынып,оған қатысты Қылмыстық кодекстің 291-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

null

Соңғы жаңалықтар