+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Тараздық туған әпкесінің көлігін жағып жіберді

2018 жылғы 5 ақпан 12:40
Бөлісіңіз:
Тараздық туған әпкесінің көлігін жағып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қалалық сотында туған әпкесінің көлігін жағып жіберген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 28 желтоқсанда Д. есімді азамат «Жансая» шағын ауданындағы үйіне мас күйінде келіп, туған апасымен ұрсысып қалған. Сол кезде ол өшін аламын деп, әпкесінің көлігін жағып жіберуді ойлайды. Тіпті, үйден шығып бара жатқанда өз әрекеті жайында ескертті. Алайда ешкім құлақ аспайды. Жарты сағаттан кейін «Hyundai Accent»-тің дабылы ойнай бастайды. Апасы далаға шығып қараса, автұрақта тұрған көлігі өртке оранып, жанып жатыр. Көлік иесі бірден полицияға хабар берді.

«Сот отырысы барысында Д. есімді азамат өз кінәсін толығымен мойындады. Ал оның әпкесі бас бостандығын айыру жазасын қолданбауды сұрады. Себебі ағасы материалдық шығынды өтеп берді. Тараз қалалық №2 сотының шешіміне сәйкес, көлікті жағып жіберген ер адам Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Бұдан бөлек, ол 102 917 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын өтеп беруі тиіс. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық соттың мамандары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT