Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Тараздық студенттерге арналып жайлы жатақхана салынып жатыр

2018 жылғы 12 шілде 21:45 257
Бөлісіңіз:
Тараздық студенттерге арналып жайлы жатақхана салынып жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде (ТИГУ) жаңа жатақхана салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдар отқа жанбайтын құрылыс материалын ойлап тапты Петропавлдағы «Шығыс» ықшам ауданында 9 қабатты 27 үй салынады

ТИГУ-дың ректоры Ерболат Саурықовтың айтуы бойынша, университет жақында ғана Тараз қаласынан аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайтын 5 қабатты ғимарат сатып алған.


Тараздық студенттерге арналып жайлы жатақхана салынып жатыр«Шамамен есептегенде, ғимаратты қайта жөндеуге 100 млн теңге жұмсалғалы тұр. Жоспарланғанымыздай, жатақхана 400 орынға арналмақ.
Биылғы жылы 2, 3 қабаттарына студенттерді жайғастыра береміз. Қалғанын 2020 жылы толығымен пайдалануға береміз деген ой бар. 2020 жылдың қыркүйек айында жатақхана түгелдей дайын болады», - деп уәде етті ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов.


Тараздық студенттерге арналып жайлы жатақхана салынып жатырЖақында студенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде 300-ге жуық білім алушылар жатақханаға зәру екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірінде жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөнінде айтылған. Осыған байланысты, Таразда 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік серіктестігі аясында 1650 орындық 3 студенттік жатақхана салу көзделген.
ТИГУ Елбасының бастамасын жүзеге асырған өңірдегі алғашқы білім ордасы болып отыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT