+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Тараздық полицейлер мас жүргізушіні тапаншаның көмегімен тоқтатты

2019 жылғы 6 қараша 22:45
Бөлісіңіз:
Тараздық полицейлер мас жүргізушіні тапаншаның көмегімен тоқтатты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер табельдік қаруды қолданып, жасырынуға әрекет жасаған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда құжаты жоқ мас жүргізуші полицейлерден қашып құтылмақ болды Көлік жүргізу куәлігі жоқ СҚО тұрғыны мас күйінде адам қағып кетті Түркістанда мас күйінде көлік жүргізген 7 адам жауапқа тартылды

Жол ережесін бұзған күдіктіні Тараз қаласының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мирзоян көшесіндегі №5 үйдің жанында маневрлеу ережесін бұзғаны үшін облыс орталығының 38 жастағы тұрғын тізгіндеген «Тойота Камри-40» автокөлігі тоқтатылды. Алайда, жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, дауыс зорайтқышпен табельдік қаруды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуді елемей, «Жігер» тұрғын үй массивіне қарай қашуға әрекет жасаған. Қошанов көшесіндегі үйлердің біріне тоқтаған соң, жүргізуші автокөліктен шығудан бас тартып, тағы да қашып кетуге талпынған. Салдарынан полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтату мақсатында табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды. Алғашқы ескерту оғы ауаға, қалғандары көлік дөңгелектеріне атылды»,-делінген ведомсво хабарламасында.

Одан соң көп ұзамай жүргізуші тұрғылықты жері бойынша қолға түскен. Куәландыру актісіне сәйкес, ол жеңіл дәрежеде алкогольдік мас күйінде болған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі, 608-бабының 1-бөлігі және 613-бабының 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Қазіргі таңда көлік құралы арнайы тұраққа қойылып, фактіге қатысты тиісті сараптамалар тағайындалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT