Тараздық оқушылар әлемдік «Bookstart» акциясына қатысты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Bookstart» әлемдік акциясына атсалысты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері кітапхана қызметкерлерінің қолдауымен қаладағы жас аналарға арналған «Ана үйі» дағдарыс орталығында болып, ондағы аналар мен балаларға кітаптар, үстел ойындары мен тәтті сыйлар табыстап қайтты.

Айта кетейік, аталған акция мақсаты – балаларға кітап сыйлап, отбасын күнделікті кітап оқуға баулу, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Аталған әлемдік қозғалыс алғаш рет 2014 жылы Ұлыбританияда пайда болып, әлемнің көптеген елдерінде қолдау тауып, жалғасып келеді. Акция барысында әр отбасында бала пайда болысымен үкімет тарапынан екі қорап кітап пен ойыншық сыйға тартылады екен.

Ал тараздық НЗМ оқушыларының таңдауы қаладағы «Ана үйі» дағдарыс орталығына түскен. Оқушылардың ойында ауыр жағдайда жалғыз қалған жас ана мен баланы қолдап, бір сәтке көңілдерін аулау болған. Дағдарыс орталығы мен Зияткерлік мектеп арасындағы байланыс үздіксіз жүзеге асуда. Әр маусым сайын оқушылар, педагогтар орталықта концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, қажетті сыйлар жасап келеді.


Соңғы жаңалықтар