+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Тараздық оқушы жерді астероидтан қорғайтын кешеннің шағын моделін жасап шығарды

2019 жылғы 19 наурыз 09:16
Бөлісіңіз:
Тараздық оқушы жерді астероидтан қорғайтын кешеннің шағын моделін жасап шығарды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде осымен тоғызыншы рет өтіп жатқан Наурыз кездесулеріне «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбы арқау болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 сілтеме жасап.

Ал аспан әлемінің құпияларын ашуға құлшынған өрендердің Қызылордада бас қосуы тегін емес. Өйткені адамзат ғарышқа қадам басқан әйгілі «Байқоңыр» осы өңірде. Наурыз кездесулеріне еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам оқушы қатысуда. Олар 80-ге жуық ғарыштық жоба ұсынып отыр. Тіпті жерді түрлі ғарыштық қауіп-қатерлерден қорғайтын әмбебап кешеннің үлгісін де дарынды оқушылар жасап шықты. Солардың бірі - Тараз қаласынан келген Серік Мақсат. Ол жедел әрекет етуге арналған орбиталық кешеннің шағын моделін ойлап тапты.

«Орбитасында жүріп, жерге астероид немесе комета келе жатқанын байқаса, бөлініп, электромагниттік тартылыс сияқты құралдарды қолдану арқылы жерді астероидтардан қорғай алады», - дейді Тараздағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Серік Мақсат.

Оқушылар ғарыш аппараттарының 3D модельдерін, орбиталық станциялар, әмбебап борттық құрылғылар, көпфункционалды зымырандар секілді бірқатар тың технология негізіндегі үлгілерін паш етті. Ал озық ойлы оғландардың жұмысына еліміздің ғарышкерлері, халық қаһармандары - Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов, NASA окілдері, Еуропалық ғарышкерлерді дайындау орталығының ғылыми қызметкерлері, Ұлыбритания, АҚШ, Германия және Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі жоғары оқу орындарының австронавтика саласы мамандары баға беріп, дәріс оқыды.

«Әрбір экспонат пен макеттер ерекше ден қояға тұрарлық екен. Мектеп оқушылары осындай ғажайыптар тудырады дегенге сену қиын. Бірақ олар нағыз дарын иесі екендіктерін дәлелдей алды. Ізденімпаз жастар үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында барлық жағдай бар. Бұл - жастардың ғарыш кеңістігін және бүкіл әлемді игеру үшін мол мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қазақстанның халық қаһарманы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев.

«Мені оқушылардың жұмыстары таң қалдырды. Қызықты әрі пайдалы жобалар өте көп. Бұл оқушылар болашақта елеулі зерттеулермен айналысатынына сенімдімін», - дейді Ұлыбританиядан келген Nasa ғылыми қызметкері Правин Пратапан.

Шара аясында оқушылар ғарыш кемесінің шағын модельін жасап, оны ұшырып та көрсетті. Зымырандарды көкке көтеру үшін механикалық және химиялық отын түрлерін пайдаланды.

Айта кетейік, Наурыз кездесулеріне қатысушы оқушылар бірер күн бұрын «Байқоңыр» ғарыш айлағында болып, зымыранның ұшырылу сәтін тамашалаған болатын. Шараның соңғы күні, яғни ертең олар «Қорқыт ата» мемориалдық кешені мен «Гагарин старты» айлағын көреді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT