Тараздық қолөнер шебері жиналмалы бесік шығаруда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Тараздық қолөнер шебері Пернебек Ахметов заманауи бесік шығаруда,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсібін нәсіпке айналдырып отырған Пернебек Ахметов табыс тауып қана қоймай, бірнеше адамды жұмыспен де қамтып отыр. Бүгінде ол өз үйінен ашқан шағын шеберханасында, заманауи жиналмалы бесік жасайды.

«Қазақтың дүниетанымы бойынша адам баласы жетілуді бесікке бөленген күннен бастайды. Бүгінгі техника дамыған уақытта, бұл қастерлі жиһаздың осы заманға сай түрі көп. Бесікке жатып үйренген бала жай жерде жатпайды. Кез келген жерден бесік табыла қоймайды. Сол үшін жиналмалы бесік шығаруды қолға алдық. Бұл бесікті жинап, автобус, пойыздарда да алып жүре беруге болады. Жиналғанда өте ыңғайлы, әрі алып жүруге қолайлы шағын ғана көлемде болады», - дейді шебер Пернебек Ахметов.

Айта кетейік, ағаш шеберінің өз үйінен ашқан шағын шеберханасында қазір 4 адам жұмыс істейді. Бірі бесікке қажетті ағаштарды қиялай кессе, біреуі өю-өрнегін электронды аппаратпен дизаинын жасап, кескін келбетін әрлейді. Содан кейін бірі, дайын болған бесік ағаштарын табиғи таза балауызбен майлайды.

Айына 60 бесік дайындап отырған шағын цехтың өнімдері тек елімізде емес, бұған дейін Түркия, Мәскеу, тіпті Лондонға да тапсырыспен жеткізілген екен. Бала бөлейтін құралды бүгінгі ата-анаға ыңғайлы етіп жасап жүрген шебер үкіметтен қолдау алып, еліміздің әр өңірінен осындай шеберханалар ашуды мақсат тұтып келеді.

null

null

Соңғы жаңалықтар