Тараздық фототілші туралы фильм халықаралық фестивальде жүлдеге ілікті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстандық төрт бірдей туынды детективті және құқық қорғау саласындағы фильмдердің DetectiveFEST ХХ халықаралық фестивалінде таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Режиссер Сергей Александровтың 26 минуттық «Жалғыз жиһангез» (Одинокий странник, Қазақстан - Ресей) фильмі «Экологиялық қылмыс» номинациясы - экология саласындағы қылмыстарға қарсы күрес тақырыбында жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, Сергей Александров - екі мыңыншы жылдардың басында Тараздан Самараға көшіп кетіп, ресейлік танымал кинодокументалист атанған отандасымыз. Ол «Губерния» атты Самара облыстың телеарнасында «АҚ ЖОЛ» студиясында телеоператор болып еңбек етеді. Бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған «Наурыз», «Беташар» атты деректі фильмдердің авторы.
null

«ДетективФЕСТ ХХ Халықаралық кинофестивалі аяқталды! Халықаралық кинофестивальдердің сценариі бойынша, ең маңызды номинациялар мен сыйлықтар салтанатты шараның соңында табысталады. Халықаралық регламенттер ережесін кинофестивалдің президенті Юрий Митюшин бұзған жоқ. Фестивальдің «Жалғыз жиһангез» атты қазақ-орыс фильмінің марапатталуымен аяқталғаны тіпті қуантады. Көрермендердің қошеметімен кинофестиваль президенті фильмнің редакторы Вячеслав Кубицкийге дипломды табыс етті» - деді ҚазАқпарат тілшісіне Сергей Александров.

23 сәуірде ашылған DetectiveFEST халықаралық фестиваліне әлемнің 71 елінен 600-ге жуық фильм келіп түскен. Фестиваль екі бөліктен: қоғамның ең өзекті мәселесін арқау еткен жанрлық номинация мен арнайы (тақырыптық) номинациядан тұрады.

«Экологиялық қылмыс» номинациясына сегіз кинотуынды ұсынылып, оның ішінде тағы бір қазақстандық фильм - «Менімен бірге тыныс ал» (Дыши со мной) атты фильмі таныстырылған болатын. Сонымен қатар, «Соғыс және бейбітшілік» номинациясы бойынша (әскери қызмет пен әскери борыш туралы» Қазақстан тарапынан «Террор анатомиясы» (Анатомия террора)) ұсынылса, ал «Қылмыстық тәжірибе» номинациясында (медицина саласындағы қылмыспен күрес) көрермендер «Сырқаттың тарихы» атты тағы бір қазақстандық фильмді тамашалады.
null

Сергей Александров өзінің «Жалғыз жиһангез» кинотуындысында Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің фототілшісі Валерий Сутулов туралы баяндайды. Фототілші табиғатқа деген шексіз махаббатын жұмысымен дәлелдеп, «Қазақстанның табиғаты» атты фотоальбомды жарыққа шығарған. Құстардың ұшып бара жатқан бір ғана кадры үшін оның қамыстың түбінде бір түн бойы отырған кездері болған екен. Ал Жамбыл өңірінің аспанынан ұшып бара жатқан тырналарды фотосуретке ілу үшін шөл даланы кезген кездері де бар.

Валерий Иванович Жамбыл өңірінің түкпір-түкпірін аралап, өзіндей адамдарды табиғатқа ғашық ете білген жан. Оның табиғатқа деген шексіз құрметі - әрбір туындысында айқын көрінеді. 2008 жылы ол 60 жасқа толуына алты ай қалғанда өмірден өткен. Соңына қалдырған мұрасы бүгін ұрпаққа қызмет етіп жатыр.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар