Тараздық еріктілер полицейлерге рейд жүргізуге көмектесуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық еріктілер полицейлерге қаладағы ойын-сауық нысандары мен көңіл көтеру орындарына рейдтер өткізуге көмектесуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында еріктілер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері «Қоғамдық сақшы» жобасы аясында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласындағы ойын-сауық және көңіл көтеру нысандары бойынша түнгі рейдтер өткізді.

Бұған дейін барлық кәсіпкерлер төтенше жағдай кезінде сағат 22.00-де барлық мейрамханалар мен дәмханалардың жабылуы керектігі туралы хабарлама алған болатын.

Түнгі рейд кезінде еріктілер 20-дан астам көңіл көтеретін нысандарды, түнгі және компьютерлік клубтарды, интернет-кафелерді аралады. Барлық ойын-сауық орындары жабылған. Талап бұзу жағдайлары анықталған жоқ.

Сонымен қатар, мобильді топтар тұрғын үйлердің аулаларын аралап, қала тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратты. Коронавирус пандемиясына байланысты алдын алу шараларының талаптарын түсіндірді, азаматтарды себепсіз көшеге шықпауға, айналасындағылармен байланысты барынша қысқартуға және гигиена талаптарын сақтауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар