+7 (701) 759 90 19
USD 429.84 EUR 482.32
RUB 5.77 CNY 67.32
Jańalyqtar

Тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған  3 жасар баланы аман алып қалды

2020 жылғы 3 желтоқсан 15:46
Бөлісіңіз:
Тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған  3 жасар баланы аман алып қалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған 3 жасар балаға сәтті ота жасады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда көліктің үстіне алып ағаш құлады «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонды Шымкентте 7 сынып оқушысы қайтыс болды

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ата-анасы бір сәтте шашалып, ауа жетпей, жағдайы қиындаған баланы алып келген. Тоқтаусыз құсып, әлсіреп, денесі құрғай бастаған бүлдіршінді дәрігерлер рентгенге түсіріп, асқазанындағы бір кедергінің барын анықтап, соның әсерінен оның жағдайы қиындап бара жатқанын байқаған.

Хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты балалар хирургы Эльбрус Салпағаров көп ойланбастан, шұғыл эндоскопиялық отаны бастап кетеді.

Анасының айтуынша, бала үйінде ойнап отырып, жерден сырға тауып алып, жұтып қойған көрінеді. Білікті де тәжірибелі дәрігер Э.Салпағаровтың шұғыл әрекеті арқасында нәрестенің тамағындағы зат сәтті алынып, бала дұрыс демалып, мазасызданғаны лезде басылды.

«Бала ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Ішкен асын кері қайтарып, әбден мазасы қашқан. Бозарып, тамақ пен су іше алмағасын, денесі құрғай бастаған. Ата-анасының рұқсатын алып, ота шұғыл түрде жасалды. Сәтті аяқталды, баланың қазіргі жағдайы жақсы, тамақ пен сусын ішіп жатыр. Менің 30 жылға жуық жұмыс тәжірибемде осыған ұқсас жағдайлар көп ұшырасады», - дейді Э. Салпагаров.

Сәтті өткен отадан соң тез-ақ өзіне келген кішкентай пациенттің ата-анасы баласының өмірін аман алып қалған дәрігерлерге алғысын жаудыру

Дәрігерлер ата-аналардан барынша сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмай, оларға көбірек уақыт бөлуді және ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою керектігін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT