Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Тараздық ардагерлер Жеңіс күніне орай 150 мың теңгеден алды

2019 жылғы 10 мамыр 20:53 855
Бөлісіңіз:
Тараздық ардагерлер Жеңіс күніне орай 150 мың теңгеден алды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жыл өткен сайын жамбылдық Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің қатары сиреп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте ҰОС ардагерлеріне 252 мың теңгеден берілді Өмірзақ Шөкеев соғыс ардагерлерін құттықтады

Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда облыс орталығында 39 соғыс ардагері мен екі мыңға жуық тыл еңбеккері бар. 2018 жылдың мамыр айындағы мәліметтер бойынша, Таразда 68 ардагер мен 32 соғыс мүгедегі  тұрады. Оларға теңестірілген адам саны - 1320 адам, одан бөлек, 5 239 тыл еңбеккері бар.
Тараздық ардагерлер Жеңіс күніне орай 150 мың теңгеден алды

«Қала әкімдігі ардагерлер мәселелеріне үнемі көңіл бөліп отырады. Оларға бірыңғай қосымша төлемдер де тағайындалған. Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу барысында ардагерлер мен соғыс мүгедектерінің шотына қалалық бюджеттен 150 мың теңге, оларға теңестірілген тұлғаларға - 30 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне - 30 мың теңге бөлінді. Соғысқа қатысқан азаматтардың жесірлеріне 15 мың теңгеден берілді», - деді қалалық әкімдік.
Тараздық ардагерлер Жеңіс күніне орай 150 мың теңгеден алды

Жыл сайын қала әкімдігі тарапынан соғыс ардагерлерінің республикалық және облыстық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ақ жол», «Знамя труда», «Жамбыл-Тараз» басылымдарына жазылуына қаражат бөлінеді.

Тараз қаласындағы Жеңіс күнін мерекелеу соғыс жылдарында қаза тапқан батырлар ескерткішіне гүл қоюдан басталып, «Ерлік» мемориалды кешеніндегі   «Қаһарман ұлт - Бессмертного полка»  шеруге ұласты.

Шеруді аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бастап жүрді. «Ерлік» мемориалдық  кешеніндегі Мәңгілік алауға, Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Тараз қаласындағы мерекелік шара отшашумен аяқталды. Облыс орталығындағы мерекеге 11 мың қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. 

Айта кетейік, 1941 жылы 400 мыңға жуық болған Жамбыл облысы тұрғындарының 100 мыңнан астамы соғысқа аттанды. 39 жамбылдық Кеңес Одағының батыры атанды, 9 - Даңқ орденінің иегері.


Тараздық ардагерлер Жеңіс күніне орай 150 мың теңгеден алды

Автор: Галина Скрипник

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Жеңіс күні,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT