Тараздық алаяқ әйел мессенджер арқылы тұрғындардың 4,5 млн теңгесін иемденген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз қаласының тұрғыны мессенджер арқылы қазақстандықтардың 4,5 миллион ақшасын иемденген,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Полиция департаментіне Тараз, Алматы, Қарағанды және Нұр-Сұлтан қалаларының 17 шағымданған. Олар өз шағымдарында белгісіз әйелдің өздерін қосымшалардың біріндегі «Байлық секторы» және «777» топтарына қосқанын атап көрсеткен. Онда салынған қаражатты 30 пайыздан 60 пайызға дейін арттыру жөнінде уәде берген. Топтар қаржы пирамидасы түрінде құрылып, қатысушыларға достары мен таныстарын тартқаны үшін қосымша бонустар беруге уәделескен. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алғашқыда бірнеше адамға пайызбен ақша берілген, нәтижесінде бұл топтар үшін қосымша жарнама болған. Алайда, көп ұзамай сенім білдірген азаматтардан жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеден астам қаражат жинап алған әйел телефон нөмірін өзгертіп тастаған. Жамбылдық полицейлердің кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен Тараздың 50 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-делінген хабарламада.

Бүгінде күдікті өз кінәсін мойындады. Полиция департаментінің қызметкерлері осы әйелдің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен тұлғалар болған жағдайда хабарласу қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар