+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Тараздан Мойынқұмға әуе тасымалы іске қосылады

2019 жылғы 14 қазан 21:58
Бөлісіңіз:
Тараздан Мойынқұмға әуе тасымалы іске қосылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Тараз-Мойынқұм бағытында әуе рейсі ашылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астана күні қарсаңында ақмолалық полицейлер қызметтік көліктерге ие болды Қызылордада Ресейге бет алған жүк көлігі өртеніп кетті Армениядан әкелінген жүзден астам автокөлік Алматы облысында уақытша тіркеуге қойылды

Облыс орталығы – Тараз қаласы мен Мойынқұм ауданы арасында әуе тасымалы іске қосылады.

Бұл туралы аймақ басшысы Асқар Мырзахметов ауданға арнайы барған жұмыс сапары барысында тұрғындардың тілегіне көңіл бөліп, жауапты органдарға нақты тапсырмалар берген болатын.

Мойынқұм – облыс орталығынан ең шалғай аудандардың бірі. Екі ортадағы жол қиындығы қатынап жүрген жолаушылардың көптен көңілінде жүргендігі даусыз. Бұл мәселе енді оңынан шешілмек.

«Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес, облысымыздағы шағын авиацияны дамыту қарастырылып отыр. Бүгінгі таңда, облысымыздың орталығынан Мойынқұм және Төле би ауылдарына әуе маршруттарын ашу мүмкіндіктерін зерделеу, соның ішінде қажеттілікті анықтау, әуеайлақ салуға кететін шығын көлемін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.

Айта кетейік, Мойынқұм ауылынан облыс орталығына бір кездері яғни, 1966-1990 жылдар аралығында күнделікті 2 рет АН-2 және ЯК-40 ұшақтарымен әуе тасымалы қызмет көрсеткен. Алайда, Республикамыз тәуелсіздігін алған жылдары еліміздегі қаржылық қиындықтарға байланысты аталған әуе маршруты жұмысын тоқтатқан. Алдағы уақытта ол қайта жаңданып, көптің тілегі орындалмақ. Әуе тасымалы іске қосылғанда екі арадағы автокөлікпен жүретін 4-5 сағаттық жол екі есе қысқарып, 1-1,5 сағатта жетуге мүмкіндік туады деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT