Тараздағы жарылыс: марқұмдардың отбасына 1 млн теңгеден беріледі

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылысқа қатысты Елбасы тапсырмасымен арнайы құрылған үкімет комиссиясының мүшелері Тараз қаласына шұғыл ұшып келіп, оқиға орнына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен комиссия отырысы өтіп, оқиғаның себеп-салдары жан-жақты талқыланды. Жеңіс Қасымбек орын алған жағдайды егжей-тегжейлі зерделей келе нақты қорытынды шығару қажеттігін және қажет болса арнайы мамандарды басқа қаладан алдыру керектігін баса айтты. Барлық зардап шеккен тұрғындарға жеке-жеке хабарласып, психологиялық және медициналық көмек көрсетіп, уақытша орналасатын пәтерлермен қамтамасыз ету керектігін тапсырды. null null null

Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің басшысына қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың дүние-мүліктері қолды болмауын тапсырып, ондағы күзету жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Штаб жұмысын өткізген комиссия тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, қайтыс болған тұрғындардың отбасыларына қала әкімдігі тарапынан 1 миллион теңгеден қаржылай көмек берілетін болды.

Комиссия отырысынан кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек пен облыс әкімі Асқар Мырзахметов ауруханада жатқан тұрғындардың жағдайын білді.null

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 06:21-де Тараз қаласы «Мыңбұлақ» ықшамауданындағы 62-үйде жарылыс болып, көпқабатты үйдің бір бөлігінің 1-3 қабаттары құлаған. 3 адам қаза тапқан. Бүгінде облыс басшылығы тарапынан жапа шеккендерге барлық қажетті көмектер көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар