Тараздағы жанкешті Мақсат Кәриев кірген қылмыстық топтың рухани жетекшісі ұсталды

None
None
ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тараздағы жанкешті Мақсат Кәриев кірген қылмыстық топтың рухани жетекшісі ұсталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Қазіргі таңда осы қылмыстарды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдік бойынша алты адам, соның ішінде ағымдағы жылдың басында құрылған және құрамына Кәриев кірген қылмыстық топтың рухани жетекшісі ұсталды» деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, топтың жоспарына дүкендерді, банктерді және ақша айырбастау пунктерін тоңау және қарақшылық жасау қылмыстары кірген. «Аталған адамдардың әрқайсысының бұрын да қылмысты болғандарын және пайдакүнемдік күш көрсетіп қылмыстар жасауға араласқандарын атап өткен жөн» деді Н.Сүйіндіков. Мәселен, тергеу жұмыстары олардың 2004 жылы «Бурабай» курорты аймағындағы «Жеке батыр» шипажайының емделушісі, 1918 жылы туған қарт кісі Зейнел Тоқтаровты тонау мақсатында өлтіргенін, сондай-ақ 2010 жылы Қаратау қаласында ұрлық жасағанын дәлелдейтін деректерді алған көрінеді. Бұдан басқа тергеу шаралары аталған топ мүшелерінің Алматы және Атырау қалаларында да пайдакүнемдік күш көрсету қылмыстарын жасағандары туралы деректер бар. Қазіргі таңда осы ақпарат тексеріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 12 қарашада Тараз қаласының тұрғыны Мақсат Кәриев бірқатар аса ауыр қылмыстар жасады. Соның салдарынан құқық қорғау органдарының бес қызметкері мен екі бейбіт тұрғын қаза тауып, ал үш полиция қызметкеріне оқ тиіп, жарақат алды. Сонымен қатар Кәриев өзін-өзі жарып жіберді.

Соңғы жаңалықтар