+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдарын  ұрлап кетті

2020 жылғы 28 қазан 13:26
Бөлісіңіз:
Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдарын  ұрлап кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы зергерлік дүкеннен ірі көлемде зергерлік әшекей бұйымдар ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда интернет-алаяқтар бойжеткеннің 1,3 млн теңгесін жымқырды Таразда автокөлік бөлшектерін ұрлаған күдікті бейнекамераға түсіп қалған Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері автокөлік ұрысын ұстады

Қарақшы дүкенге ғимарат қабырғасын бұзып кіріп, алтын бұйымдардың көп бөлігін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 25 000 000 теңгені құрайды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орын алған аумақты тексеру барысында дүкенге қылмыстық шабуыл жасау алдын ала мұқият дайындықпен ұйымдастырылғаны белгілі болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірген. Ол Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғыны болып шықты», -делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT