+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Тараздағы тойда 9 адам уланып, жетеуі ауруханада жатыр

2020 жылғы 26 ақпан 16:20
Бөлісіңіз:
Тараздағы тойда 9 адам уланып, жетеуі ауруханада жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз мейрамханаларының біріндегі тойдан кейін тоғыз адамның улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында құдалық өткізіп, қыз ұзатқандар 5 тәулікке қамалды Тойханада қыз ұзату тойын жасаған Қазалы тұрғыны жазаланды Шымкентте 27 жастағы жігіт газға уланып көз жұмды

Қазіргі таңда жеті адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда екен. Ол туралы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінен уланған жағдайда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына медициналық көмекке тоғыз адам жүгінді. Оның ішінде жеті адам ауруханаға жатқызылды. Ал, екі адам медициналық тексеруден кейін шығарылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қалған жеті адамның жағдайы да қалыпты деп бағалануда.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған 30 адамның жаппай улануы туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда медициналық көмекке жүгінген тоғыз тұрғынның улануы мүмкін делінген мейрамханаға тексеру жұмыстары жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT