Тараздағы «Шахристан» базары демалыс орталығына айналады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына сәйкес, облыс орталығындағы бұрынғы Шахристан базары аумағы мәдени-демалыс орталығына айналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап.

200 гектардан астам аумақты алып жатқан Шахристан кешенінде көркем сурет галереясы, музей, көрме және руханият орталығы, қолөнер шеберханасы, мейрамхана, сонымен қатар амфитеатр және көлемді сағат стелласы сияқты бірнеше нысан бой көтереді.

Сондай-ақ, облыс, қала әкімдік маңайы да түрленеді. Бұрынғы субұрқақтар орнына түрлі-түсті әуен ырғағына сай қозғалатын жаңа тұрпаттағы фонтандар іске қосылады. Құрылыс жұмыстары маусым айында бастау алып, қыркүйекте тамаша тарту болмақ.

Қазіргі уақытта облыстық архитектуралық бюро эскиздік жобаларды әзірлеуге кіріскен. Көне шаһардың мазмұнына мән, көркіне сән беретін жаңашыл жобалар жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар