+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Тараздағы өрт: 5 адам  құтқарылып, 25- і эвакуацияланды

2021 жылғы 18 маусым 00:15
Бөлісіңіз:
Тараздағы өрт: 5 адам  құтқарылып, 25- і эвакуацияланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында болған өрттен бес адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлдағы сауналардың бірінен шыққан өрт сөндірілді Қызылорда облысында 3 мың рулон шөп өртеніп кетті Риддерде өрттен зардап шеккендерге жаңа тұрғын үйлердің кілті табысталды

19 сағат 41 минутта Тараз қаласында 9 шағынаудандағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтердің бірі өртенген.

Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтерден үш иінді саты көмегімен 5 адамды құтқарды. Олардың ішінде төртеуі бала. Сондай-ақ баспалдақ арқылы 25 адам, оның ішінде он бала қауіпсіз орынға көшірілді.

Өрт 20 сағат 5 минутта ауыздықталып, 20 сағат 7 минутта жойылған. Жедел жәрдем бригадасы өрт оқиғасы орнынан 6 адамды емдеу мекемесіне жеткізді. Олардың ішінде екі адам күйік алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Олар - 1949 және 1979 жылдары туған азаматтар. Ал өзгелері медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 30 өрт сөндіруші мен 7 техника жұмылдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT