Тараздағы қоғамдық қауіпсіздікті әскерилер күзетіп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тараздағы қоғамдық қауіпсіздікті күзетуге әскерилер атсалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімшелері төтенше шараларын қамтамасыз етуге атсалысып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әскери қызметшілер тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етудің аса маңызды объектілерін күзетіп, бақылау-өткізу режимін ұйымдастыруға қатысып жатыр. Әскери объектілерді күзетуді және диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, блок-бекеттерде қызмет атқаруда.

Әскери қолбасшы генерал-майор Қайдар Қарақұлов әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қызметін үйлестіріп, жауапты аймақта басқа да мемлекеттік органдармен өзара бірлескен іс-қимылды ұйымдастыруда», - делінген баспасөз мәліметінде.

Еске салсақ, бүгін Таразда әкімдік ғимаратын өртегендер ұсталды.

Жалпы облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 153 адам ұсталып, 10 қарулы қылмыскердің көзі жойылған.


Соңғы жаңалықтар